«Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 130 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы
бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы

 

ҚР Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 339 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 32-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы:

1) 2006 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бөліністерінің отыз процентінде аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын тағайындасын, ұйымдастырсын және өткізсін;

2) осы Жарлықта көзделген, сайлау өткізілетін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тізбесін облыстардың әкімдерімен бірлесіп айқындасын.

3. Қазақстан Республикасының Yкіметі облыстардың әкімдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы маусымның 6-сы.

 № 130

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы 6 маусымдағы

№ 130 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар

қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу

ЕРЕЖЕСI

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.